«Наурыз – жаңа өмірдің басы»

Құрметті университет ұжымы және студенттер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Жаңару мен жарасымды ынтымақтың,еңсесі биік елдіктің,ырыс пен молшылықтың арқауы болған  Наурыз мерекесіне орай, университеттің бас ғимаратының кітапханасында «Наурыз-жаңа өмірдің басы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру туралы мағлұмат беретін кітаптар қойылды.

Құрметті физико-математика және шетел тілдері факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері!

Сіздерді Ғылыми кітапхана 2017 жылдың 27 ақпан және 3 наурыз аралығында өтетін «Ақпарат күніне» шақырады. Мұнда Сіздер кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттер, ерзімдібасылымдармен және соны мен қатар электрондық каталог пен электрондық қорларментанысааласыздар.

Құрметті тарих факультетінің және педагогика институтінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері!

Сіздерді Ғылыми кітапхана 2017 жылдың 20-25 ақпан аралығында өтетін «Ақпарат күніне» шақырады. Мұнда Сіздер кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдармен, сонымен қатар электрондық каталог пен электрондық қорлармен таныса аласыздар.

Сіздерді кітапханада күтеміз (тарих факультеті, педагогика институты – бас ғимарат, №2 оқу залы).

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН - 120

20  қарашада университеттің «Экономика және құқық» институтының құқықтану мамандығы оқу ғимаратында  өткен  «Проза жанрының майталманы» атты әдеби кеш  қазақ әдебиетінің ұлы арыстарының, қуғын-сүргін құрбандарының,  ұлтымыздың  аяулы ұлдарының бірі  Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналды.  

Филология факультетінің «Қазақ әдебиеті»  кафедрасының аға оқытушысы Г. Обаева  «Б. Майлиннің шығармашылық тұлғасы: ұлттық таным мен тағылым» атты баяндамасымен студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезім ұялата білді.